Бүгін, 14 наурыз-Көрісу күні. Ежелгі заманнан бері қазақ қонақжайлылығының ұлттық дәстүрлерін көрсетуге арналған кездесулер мен сәлемдесу күні 14 наурызда Орталық тәрбиеленушілері, барлық қазақстандықтар сияқты, Көрісу күнін дәстүрлі түрде атап өтеді. Таңертеңнен бастап үйдің барлық тұрғындары, ересектер пен жас буын балалар бір-бірін көктемнің сәтті басталуымен жылы және сүйіспеншілікпен құттықтап, жақсы тілектер айтып, аға буынға құрмет көрсетті.
Осы шуақты мереке күні балалар қонақтарды, №23 ЖОББМ 6 "Б" сыныбының оқушыларын қарсы алды . Қонақтар да, қожайындар да осы мерекеге мұқият дайындалды . Қазақ тілі мұғалімі, сынып жетекшісі Нығманова Әлия Оралбекқызы Көрісу мерекесі туралы өз әсерімен бөлісті "Ертеден келе жатқан мереке, – мен өзім ес білгелі , әрқашан 14 наурыздан бастап біз қонаққа баратынбыз немесе керісінше жақын адамдарымыз қонаққа келетін. Көрісі күнінің мағынасы – кездесу , бірін –бірі көру, амандығын білу.
Бұл күні әдеттегідей бір-біріне қонаққа барады және көктемнің келуімен құттықтайды. Бүгін балалармен сіздерге қонақта болғанымызға , сіздердің қонақжайлы, көңілді балаларыңызды көргенімізге қуаныштымыз. Музыкалық нөмірлер-әндер, билер, асық ойындары, сыйлықтармен алмасу - барлығы мерекелік күннің ерекше атмосферасын қалыптастырды. Біздің жаңа достарымызға, №23 ЖОББМ оқушыларына, олардың ата –аналарына ,педагогтарға, әкімшілікке біздің отбасымызға деген ізгі тілектері мен назарлар аударғандары үшін алғыс айтамыз! Қымбатты достар,сіздер де үмытпай достарыңызға қоңырау шалыңыз, жақындарыңызды құшақтаңыз!