Көңіл бөлгендеріңізге рақмет!

Мейірімді, қамқор бола білетін, риясыз және мұхият достардың бары қандай жақсы! "Сымбат" тобының қыздары өздерінің қамқоршылары УНОПСА участогы, басшысы Тумабаев Р және АСУТП- участогы , басшысы Кыдырбеков Е. қызметкерлеріне зор алғыс білдіреді. Қамқоршылар қыздарға гүл,шайға тәттілер беріп жіберді. Қыздар әрине, қамқоршылардың өздеріне көңіл бөлгеніне риза болды. Өкінішке орай, шектеу шараларына байланысты кездесу мүмкін болмады, ал олар кездесу мүмкіндігін асыға күтуде.

"Восточный" разрезінің қамқоршылары, УВЖТ участогы де өздерінің қамқорлыққа алған «Қарлығаштар» тобының қыздарын әйелдер күні 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Қыздардың барлығына ұсақ бұйымдар алуға сертификат және оларды қуанышқа бөлеген сыйлықтар сыйланды. Жаңадан келген қыздар үшін бұл күтпеген, қуанышты тосынсый болды. Олар әйелдер күні қарсаңында өздеріне алғаш рет осындай көңіл бөлініп, сыйлық алып тұрғандарын мойындады.

Балаларға қуаныш сыйлағандарыңыз үшін , рақмет сіздерге достар! Біздің қыздар үшін өте жағымды және мүлдем күтпеген тосын сый-ұлдардың гүлдермен келуі болды. Олар былтырғы жылдың наурыз айынан бастап карантин режіміндегі қыздарды қуантуға шешім қабылдаған, Облыстық көп тілді лицей –интернатының 8 "б" сынып оқушылары болып шықты.Өте жағымды және қуанышты жағдай! Осындай кішпейіл мырзаларды тәрбиелеген мұғалімдер мен ата-аналарға рақмет! Біздің сүйікті қамқоршыларымызға рақмет!