Көңілді күн

"Қарлығаштар" тобы қыздарының демалыс күндері "Шығыс" разрезінің қамқоршылары арқасында өте қызықты өтті. УВЖТ учаскесі қызметкерлері "ПСО"жабық мұз айдынында коньки тебуді ұйымдастырды. Қыздар сырғанақ тебіп,  ересектермен араласқанына  өте риза болды, көптеген ләззат алды. Бұл мұз айдынында ешқашан болып көрмеген  біздің кішкентай  және жаңадан келген  қыздарымыз ерекше риза болды.

Ұйымдастырушыларға: "Восточный" разрезінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Василий Петрович Давиденкоға, Артем Александрович Касаткиннің басшылық ететін  УВЖТ учаскесіне, Әйгерім Айткенқызы Оразбековаға рахмет! Біздің балаларымыз үшін жасалған барлық жақсылық сіздерге жүз есе болып  қайтарылсын! Керемет демалыс үшін рахмет!