Маңызды әңгіме

2021ж.04.11. ересек қыздар үшін №1 поликлиниканың «Дисконт» әйелдер консультациясының психологы Рахманова Ирина Петровнамен кездесу болып өтті.Маңызды әңгіме «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында өрбіді. Бұл тақырып ең нәзік, ең күрделі өтпелі кезеңнен балалаық шақтан жастық шаққа өтіп жатқан жасөспірімдерге бағытталды.

Бұл кезеңнің басты ерекшелігі-басымдықтардың өзгеруі: бірінші кезекте жасөспірім оқуды емес, құрдастарымен жеке қарым-қатынасты, қарама-қарсы жыныспен белсенді өзара әрекеттесуді қояды. Дәл осы кезеңде ата-ана ретінде оған өмірде өз орынын табуға көмектесуі назардан тыс қалмайтын міндет. Ата-аналар баласынан психикалық және физикалық ерекшеліктерін біле отырып, оларға моральдық және жауапты мінез-құлық туралы нақты түсінік беруге , балаларда жыныстық қатынастан әдептілікпен бас тартуды қалыптастыруға міндетті.

Жасөспірімдер ересектердің профилактикалық кеңестеріне мұқтаж. Алайда, барлық ата-аналар балалармен жыныстық жетілу және жыныстық мәдениет мәселелерін талқыламайды. Ата-аналардың бірін балалардың жыныстық қарым-қатынасқа түсуі алаңдатса, екіншісін , жыныстық байланыстан кейінгі салдары алаңдатады . Уақыт ы келген кезде , балалар бізден:"Сіз, ата-ана ретінде мектеп жасындағы балалардың жыныстық байланысы туралы не ойлайсыз?" - деп сұрауы мүмкін. Бұл мәселеге байыпты қарау маңызды. Біздің ізгі ниетіміз бен сезімталдығымыз баланың сенімімен ақталады.

Жасөспірімдер ата–анасына кеңес:
1. Балаңыздың құрдастарының аузынан жыныстық өмір туралы ақпарат алуына жол бермеңіз.
2. Ашық сөйлесуге уақыт бөліңіз, жыныстық тәрбие тақырыптарына тыйым салмаңыз.
3. онымен бірге жетістіктерін талқылаңыз,болашаққа жоспар құрыңыздар, отбасылық дәстүр туралы әңімелесіңіз (жыныстық қатынасқа ерет түспеу, отбасы құратын жас, ата –аналық жауапкершілік…)
4. Ересеюдің осы кезеңіндегі құндылықтар туралы әңгімелесіңіз (денсаулық, білім, спорт, саяхат…)
5. Оған репродуктивті денсаулықты сақтау жолдары, ерте жыныстық қатынастардың салдары туралы айтыңыз.
6. Оған жыныстық жетілу мен шынайы махаббат қана адамға жыныстық өмір сүру құқығын беретінін түсіндіріңіз.
7. Әңгіме барысында баланың бір кездері отбасы болатынына және отбасылық өмірі пәк сезіммен басталуы керек екенін ескертіңіз.