Орталықтағы жаңа оқу жылы позитивті, қызықты түрде басталды. Достарымен, сыныптастарымен, туыстарымен кездесулер болды. Бірақ 2023 ж. 16.09. Отбасы күні аясында орталықта "Восточный" разрезі ЕЭК АҚ – ның қамқоршылары және тәлімгерлерімен отбасылық кездесу өтті. Балалар бір жылдағы жұмыс қорытындылары туралы қамқошыларымен қуана бөлісті, қызықты жаңа жоспарлар жасауға дайын болды.
Әр топ өздерінің жетістіктері туралы есеп берді, қамқоршыларды жаңадан келген балалармен таныстырды. Біздің бақытты болуымыз біздің өз қолымызда сондықтан да әр бала көп нәрсе өзімізге байланысты екенін түсінуі керек. Жеке жауапкершілігі болмайынша әлемді жақсы жаққа өзгертуге деген ұмтылыс нәтиже бермейді. Орталықтың тәрбиешілері барлық жасөспірімдерге бұл туралы есте сақтауға , өздеріне қамқорлық жасаған достарына және олардың қамқорлыққа алған балалар үшін жасаған барлық істеріне құрметпен қарап ризашылық білдіруге тырысу керек екендігін үнемі айтып отырады.
Біз бәріміз достарымызбен қарым-қатынасымызды сенімге, жылулыққа және өзара түсіністікке негіздеуге тырысамыз. Біз бір үлкен және тату отбасымыз және біздің ұранымыз " Бірлікпен бақытты боламыз!"бұл біздің барлық бастамаларымыздың мотиваторы болып табылатын қалыптасқан қарым-қатынастың көрсеткіші!
Біз біргеміз - біздің отбасымыз бұзылмайды!
Отбасы күнін өткізудің мақсаты отбасына құндылық қатынасын тәрбиелеу, отбасылық қатынастардың жағымды тәжірибесін қарастыру, ризашылық сезімін білдіруге тәрбиелеу болды!