Жаңа танысу

Бүгін біздің балаларда шынымен жылы, жаңа жыл қарсаңындағы күн  болды. Біздің қаланың қарапайым тұрғындары Алена мен Николай балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтауға келді.

Әр бала жеке сыйлық алды, ал барлығына жемістер жаңа жылдың символы — хош иісті қысқы мандариндер  әкеліпті.  Көбісі  үшін бұл бірінші жаңа жылдық тосын сый болды және балалардың көз алдында қуаныш шынайы болды.

Сыйлықтардың мұқият және сүйіспеншілікпен дайындалғаны бізді ерекше таң қалдырды. Қонақтар асықпай  балалармен сөйлесті, ізгі тілектермен алмасты. Березюк  Любаның  орындаған "Мысық" шынайы монологы Алена мен Николайдың жүректерін  елжіретіп, үлкен әсер қалдырды.

Бүгін біз  Екібастұз-жақсы жүректер қаласы екендігіне тағы да көз жеткіздік. Алена мен Николайға олардың идеясы мен жақсылық жасағысы келгені үшін рахмет.

Мерекенің мәні - біз сіздермен, ең жақсы достарымызбен бөлісе алатын  адамгершілік, көңіл бөлу  және жылулықта.