Бір жыл бойы біз жаңа жылдың келуін күтеміз, ал 60-қа жуық бала бар отбасында жаңа жылдық қарбалас, дүрбелең болған кезде олардың барлығын қалай киіндіру, қалай саяхатқа жіберу туралы ой мазалай бастайды. Осындай кезде біздің нағыз достарымыз мәселені шешуге көмектесуге дайын екендіктерін білдіреді. Осындай достар арасында біздің сүйікті досымыз "Екібастұз "балалар қоры" қоғамдық қорының басшысы, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты, Шмидт Татьяна Викторовна да бар.
Ол депутаттық корпустың әріптестерімен бірге балалардың Президент шыршасына, әкім шыршасына қатысуы үшін жаңа жылдық костюмдер тігуге көмектесті. Қаншама жылдан бері, Татьяна Викторовна біздің отбасымыздың қамқоршысы, бізбен қанша жылдан бері бірге. Әрқашан байланыста болады, әрқашан да жақын сезіледі! Орталықтың барлық балалары мен педагогикалық ұжымының атынан Сіздерге Татьяна Викторовнаға, әріптестеріңізге үлкен алғыс білдіреміз және де жаңа жыл сіздерді тек ең қызықты идеялармен, тосынсыйлармен қуантсын деп тілейміз!