Жаңа жыл қарсаңында Павлодар облысы ТЖД Екібастұз гарнизонының қызметкерлері орталық тәрбиеленушілеріне келіп, келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті. Балалардың қуанышы мен күлкісі мұндай сәттердің қаншалықты маңызды екендігінің айқын дәлелі болды.
Сонымен қатар, өрт сөндірушілер балаларға көшпелі экскурсия ұйымдастырды.
Балаларға арнайы техника мен жабдықтарды, арнайы құралдарды көрнекі түрде көрсетіп, олардың мақсатын және олардың қалай пайдаланылатынын айтып берді. Балалар өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың жабдықтарын көріп қана қоймай, киіп көрді, бұл балалардың қуанышқа бөледі.Олар сұрақтар қойып, естелік үшін суреттер түсірді.Бұл күн мереке ғана емес, өскелең ұрпақ үшін маңызды Батылдық сабағы болды.