Ананың қолдары - ең үздік!

Астана қаласының «Ананың қолдары» Қоғамдық Қоры мен оның басшысы Перфильев Максим Геннадьевичке біздің балаларымыз күтпеген, жомарт сәлемдеме жібергені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Сіздердермен Астанадағы жылы кездесулеріңізден кейін балалар үлкен әсер алды. Енді- мына сыйлықтарыңыз да!

Болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған үстелдер мен орындықтар, жазғы лагерьге арналған көңілді ойыншықтар-су тапаншалары, сабын көпіршіктері, масаларға қарсы құралдар, роботтар мен машиналар түріндегі музыкалық динамиктер  балаларға қуаныш сыйлады.

Сонымен қатар-футбол мен белсенді ойындарға арналған көптеген доптар!

Бұл мейірімді  іс –әрекет  топтық жұмыстың нәтижесі екенін ескеру маңызды. Максим Геннадьевич жалғыз әрекет еткен жоқ-оның артында пікірлестердің шағын, бірақ күшті командасы тұр.Сондай-ақ  ол біздің орталық және біздің  балалар, біздің миссиямыз туралы айтып таныстырған соң , қызығушылық танытқан демеушілер тұр.

Осы жақсылық сыйлығына қатысқандардың барлығына рахмет! Жылы жүректеріңізбен  бөліскендеріңіз  үшін рахмет !

Балаларға сенгендеріңіз үшін рахмет!