Қолдауларыңыз үшін рақмет!

"КЕГОК" АҚ-на қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз! "КЕГООК" АҚ өкілдеріне біздің мектеп Парламенті үшін жомарт әрі мағыналы сыйлығы — жаңа, стильді және талғампаз костюмдері үшін зор алғысымызды білдіргіміз келеді!

Бұл үлес біздің сыртқы түрімізді жаңартып қана қоймай, әрқайсымызға сенімділік берді. Енді біз өзімізді жаңа жобаларға, жарқын қойылымдарға және маңызды істерге дайын нағыз команда сияқты сезінеміз .

Құрметті достар! Сіздердің  балалар мен жастарға деген назарларыңыз, көмектеріңіз бен қолдауларыңыз біздің болашағымызды қалай жарқын ететінінің мысалы болып табылады.

Мейірімділіктеріңіз бен қамқорлықтарыңыз  үшін рахмет! Біз бірге көп нәрсені жасай аламыз!