Байланыс жібі

2025ж.22.11. күні «Қолдау қадамы» жобасы аясында «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-де «Байланыс жібі, Біз жанында бола алмаған кезде баланы қалай қолдау керек» тақырыбында ата - аналармен кездесу өтті.

Отбасылық құрылымға қолдау көрсету қызметінің мамандары – балаларды туған отбасына және Қазақстан Республикасының азаматтарының отбасына орналастыру мақсатында ата-аналармен жеке жұмыс жүргізді. Бұл жұмыс ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ балалардың эмоциялық әл-ауқатына жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Кездесу барысында маңызды мәселелер қарастырылды:
- Ата-ана алыста болғанда баланы қалай қолдау.
- Жанында бола алмаса да, қамқорлық пен жақындық сезімін қалай жеткізу.
- Балаға тұрақтылық пен қауіпсіздікті сезіндіретін қолдау түрлері.

Ата-анасынан бөлек тұратын балалармен өзара байланыс орнатуға арналған практикалық ұсыныстар ұсынылды .
Баланы қолдау — ересек адамның өз өміріне жауапкершілік алып, балаға өзін маңызды әрі қажет сезінуге мүмкіндік беретін қадамдар жасаған жерден басталады.

Қатысушылар өздерінің бала өміріндегі рөлін тереңірек түсіну үшін «Қолдау көпірі» атты жаттығуды орындады. Бұл жаттығу ата-ана мен бала арасындағы сенім, диалог және эмоционалдық жақындыққа апарар жолды көзбен елестетуге көмектесті.

Орталықтың отбасылық құрылымға қолдау көрсету қызметі балалардың әл-ауқатты дамуына жағдай жасау мақсатында отбасылық байланысты нығайтуға және ата-аналарды қолдауға бағытталған жүйелі жұмысын жалғастыруда.
Кездесу соңында ата-аналар мамандарға атқарған жұмысы мен қызықты кездесу үшін алғыс білдірді.