2020ж.27.08. күні Екібастұз қаласындағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері бірнеше айлық карантиннен кейін алғаш рет Шідерті кентіндегі демалыс аумағына демалуға барды. Балалар таза ауада керемет демалды, көптеген қызықты ойындар ойнады,спорттық сайыстар болды, ән айтып, би биледі, дәмді тамақ ішіп, фотосессия жасады.
Кішкентайлардың көбісі алғаш рет саяхатқа шығып отырғандықтан олар барлығына таңырқап қарап жүр, дала гүлдері мен әдемі жапырақтарды жинап, ересектерге тарту етті. Таза ауадағы демалыс өте қызықты өтті және олардың естерінде ұзақ сақталатын болады. Бұл сапарды Орталықтың әкімшілігі Павлодар облысының білім беру басқармасымен келісе отыра ұйымдастырды.
Балаларға жайлы автобус ұсынған «Жоламан –Эк» ЖШС директорының орынбасары Марышев Иван Валерьевичке ересектер және балалардың атынан зор алғыс білдіреміз! Осы ретте "Жоламан-Эк" ЖШС балалардың жол жүруіне үнемі қолдау көрсетіп, көлікпен қамтамасыз етіп отыратындығын атап өткіміз келеді. Бізбен ынтымақтастықта жұмыс істегендеріңіз үшін рақмет айта отыра , сіздің ұйымыңыздың гүлденіп, өркендей беруін тілейміз!