30 сәуірде Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында орталық тәрбиеленушілері өз үйінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Е. Ластаевты қарсы алды . Экскурсиядан және балалармен әңгімелесуден кейін қонақтарды үгіт-насихат бригадасы форматында мерекеге дайындалған балалардың өнерін көруге шақырды.
Бірлік күніне арналған өз өнерлерін көрсету барысында тәрбиеленушілер Отанға, өз үйіне деген көзқарастарын көрсетті, ал омбудсмен агибригада қатысушыларына өздерінің адалдығы мен патриотизмі үшін алғыс білдіріп, мұндай іс-әрекеттер Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтуға және оның мәдени мұрасын сақтауға ықпал ететінін атап өтті. "Балалар, сендердің бірлік күніне орай агибригадаға қатысуларың –сендердің Отанға деген сүйіспеншіліктеріңді және оны өркендетуге дайын екендіктеріңнің тамаша үлгісі. Естеріңде болсын, сендер өздеріңнің құқықтарың бен мүдделерің қорғалған құқықтық мемлекетте тұрасыңдар.
Сендердің үлестерің мен күш-жігерлерің қолайлы және әділ қоғамдық ортаны құру үшін маңызды. Өздеріңе және өз мүмкіндіктеріңе сеніңдер , ертеңгі күнге сенімді болыңдар! Сендер ерекше екендіктеріңді ұмытпаңдар ! Сендердің болашақтарың мүмкіндіктерге толы және сендердің қиялдарың әлемді шабыттандыруы мүмкін. Армандаудан, мақсаттарыңа ұмтылудан және өзіңмен –өзің болудан қорықпаңдар ! Сендердің әлеуеттерің үлкен, сендердің әл-ауқаттарың , қуаттарың әрқашан біз үшін ересектер үшін өте маңызды.
Естеріңде болсын, сендерге сенетін және сендерге осы жолда көмектесуге дайын адамдар бар және олардың бірі мен! Өздеріңе сеніңдер және армандарыңды орындаңдар! Бір қадам артқа емес, тек алға ұмтылыңдар !" Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұмытылмас кездесуі , жақсы уәждемелік сөздері Балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі және олардың жайлы жағдайын қолдаудағы маңызды қадам болып табылады.