Досың болған керемет! Орталық тәрбиеленушілерінің мейірімді де қайырымды достары көп , олардың ішінде біздің "Восточный" кеніші ғана емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік серіктестер бар. Ұзақ уақытқа созылған достық біздің отбасымызды Достық үйімен байланыстырады. Директор Конакбаева Зауреш Сагидулловна қамқоршылық кеңестің мүшесі, Кияшева Эмилияның тәлімгері болып табылады.
1 маусымда аналар кеңесінің төрайымы Сағындықова Маруаш Жолтанқызы бастаған аналар біздің балалармен жолықты. Отбасылық құндылықтар, жақындарына деген сүйіспеншілік, өмірде әрдайым жақындарына , жақындарына ризашылық білдіру, кешіре білу туралы жылы да шынайы әңгіме болды . Балалар өз ойларымен бөлісті , мектептегі жетістіктері, жаз жоспарлары туралы айтты. Маруаш Жолтанқызы балаларға мейіріммен қарап, өмірдің даналығымен бөлісті , балалар оны зор ықыласпен тыңдады.
Зәуреш Сағидоллақызы балаларды мерекемен құттықтай отырып, Достық үйінің есігі жазғы демалыстың өзінде де балаларға ашық екенін жеткізе келе ,бір –бірімізбен жақынырақ болу үшін осындай шынайы әңгімелесулердің керек екендігін айтты. Біз өз достарымызды бағалаймыз, оларға ашық аспан, жарқын күн, бүгінгі стол басындағыдай балалардың шынайы күлкісін тілейміз « Жас ұрпақ - жарқын болашақ!»