Жаңа достарымыз туралы

Әр адам өзінің өмір жолында бақытты болғысы келеді және оған талпынады. Оны әр кім әр қалай түсінеді. Бірақ бақытты болудың маңызды бөлшегінің бірі достық екендігіне ешкім де дау айта алмас. Біздің балаларымыз үшін де достық өте маңызды!

Достарың көп болу - бұл маңызды! Біздің балаларымызда олар жеткілікті! Дмитрий Павлович пен Лаура Закировна, "Егоров" ЖК басшылары, басшы және есепші Диана Олеговна және "Баккарди"дүкенінің барлық қызметкерлері секілді достар тізімінен жүзі жылы адамдарды көру қандай ғанибет екеніне келісіңіз. "Баккарди" дүкенінің ұжымы орталық тәрбиеленушілеріне 1- маусым күні ұмытылмас мереке сыйлаған болатын. Тамыз айынан бастап балалар лагерьден келген бойда Диана Олеговна 1- қыркүйекте балаларды қалай қуантуға болатыны туралы ақылдасты.

Біздің бірінші сыныпқа баратын үш оқушымыздың бар екенін естіген тату ұжым бірінші сынып оқушыларына мектепке қажетті құрал –жабдықтармен қамтамасыз етеміз деп шешті! Мереке басталғанға дейін бір сағат бұрын сыйлықтар құрметті орынға ие болды! Балалардың таң қалысында шек жоқ! Бұның бәрі бізге ме?, ал біз бірінші сыныпқа баратынымызды қайдан білді?деген сансыз сұрақтар қойып, қуаныштары қойындарына сыймады. Мереке соңында жаңа рюкзактарын ашып, қуанышқа кенелді және рақмет айтты! Орталық әкімшілігінің атынан, балаларымыздың атынан біздің балаларға деген мейірімділігі мен қамқорлығы үшін дүкеннің басшылығы мен барлық қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздерге тұрақтылық, өркендеу және отбасылық амандық тілейміз!