Жаңа жылда қалалық маслихат депутаттары, «Екібастұз. Балалар қоры» ҚҚ директоры Татьяна Викторовна Шмидт, «Гидропром» ЖШС директоры Культуманов Исламбек Мехмерович - балаларға қонаққа келді. Біздер үшін олар тек депутат қана емес, балалардың ең жақсы достары! Балалармен көп жылдан бері достаса отыра Татьяна Викторовна тек біздің қуаныштарымызды бөлісіп қана қоймай, туындаған мәселелерді шешу барысында да қасымыздан табылады. Көптеген түлектер осы күнге дейін Татьяна Викторовнамен араласып тұрады.
Балалармен бірге шыршаны айналып билеген Татьяна Викторовнаға қарап ересектердің де көңілі көтерілді. Тұрғын үйлердің бас құрлысшысы Исламбек Мехмеровичтің де уақыты тығыз болғанына қарамай олармен кездесуге уақыт тауып мерекеге қатысқанына балалар мақтанды. Әрине, сыйлықтар да болды! Біздің үлкен де тату отбасымыздың атынан Татьяна Викторовнаға, Исламбек Мехмеровичке достыққа деген адалдығы үшін, сыйлықтары үшін,жылы құттықтаулары үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!