Міне жазғы демалысымыз да аяқталды. Біз жазғы демалыс қалай тез өтіп кеткенін де байқамай қалдық. Дегенмен бұл тамаша есте қалатын күндер біздің балаларымыз үшін жаз ерекше болды. Балалар жазғы демалыстыңң ыстық күндері, жылы естеліктерімен отбасымыздың досы, "Екібастұз "балалар қоры" ҚҚ директоры Татьяна Викторовна Шмидтпен бөлісті.
Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, Татьяна Викторовна балалармен кездесуге уақыт тапты. Балалар өздерінің жазғы әсерлерімен бөлісіп, Ақтауға барған ұмытылмас сапар туралы, ұшақпен саяхат , яхтамен сапар, қызықты адамдармен кездесу және т.б. туралы айтты. Ол балалармен тіл табыса біледі, тіпті жаңадан келген, әлі оған таныс емес балалар да оған жақынырақ отыруға тырысты. Татьяна Викторовна балаларға жаңа оқу жылында жақсы оқуларын тілей отыра, олардың өнерін шын ниетімен тамашалады және оларға бәрінің сүйікті асы пицца ұсынды.