«Мұрагер» тобындағы Ризашылық

Алғыс айту, махаббат пен мейірімділік мерекесі демалыс күндері "Мұрагер" тобында өтті - тәрбиеші Сағындықова Нағима Темірғалиқызы. Осы қуанышты күні балаларға  "Восточный"разрезінің жылу желілері учаскесі  қызметкерлері, балалардың  қамқоршылар әрі  достары  Давиденко Елена Владимировна, Мохова Татьяна Николаевна және Базылова Нұргүл Айтбайқызы келді.

Балалар өздерінің тәлімгерлерімен "Ризашылық  пен алғыс" еліне ертегі саяхатына аттанды. Балалар өздерінің жас достарына, жаңадан келген балаларға , айналасындағы адамдарға игі істері үшін, сүйікті қамқоршыларына проблемаларды шешуге қолдау көрсеткені үшін және әрдайым олармен  жұмыс күндері де, мереке күндері де бірге болатыны үшін алғыс айтуды үйретті.

Бірге коллаж құрастырып, іс-шара соңында қамқоршыларды  грамоталармен марапаттады. Әрине, қамқоршыларымыз құр  қол келген жоқ, олар торт пен бауырсақ әкелді. Саяхат бірлескен шай ішумен аяқталды. Жаңадан келген  балаларға іс –шара өте ұнады!