15.01.2023

«Өзара ынтымақтастық»

Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында бірнеше жылдан бері Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы қаламыздағы Орталық балалар кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Республикалық «Оқитын Қазақстан» жобасы шеңберінде «Балалар кітабы апталығы», «Крестики –нолики»зияткерлік ойыны, дүниежүзілік сәлемдесу күніне орай «Сәлеметсіз бе, мен сенің тәтеңмін!» сайыс –ойыны, Мен армияға барар едім !"конкурстық бағдарламасы," Көңілді экономика "танымдық ойыны және тағы да басқадай іс –шаралар жоспарланып, өткізілді. Біздің орталықтың тәрбиеленушілері балалар кітапханасындағы «Білгірлер» клубының мүшелері болып табылады.

Кітапхана қызметкерлері-біздің тұрақты қонақтарымыз! Жақында кітапханашылар Тұрсынханова Салтанат Жеңісқызы мен Есекеева Камила Талғатқызы біздің кішкентай тәрбиеленушілеріміз үшін «Тик –так: барлығы сағат туралы!» тақырыбында библиокештинг өткізді. Іс –шара барысында балалар «библиокешинг» деген кітапхана терминімен таныс болды.

Библиокешинг. - бұл ойын, оның басты шарты - кеңестерді қолдана отырып, «кітап қазынасын» табу. Барлық кеңестер кітаптар мен кітапханаға қатысты – бұл балалар өлеңдерінен, кітаптар мен журналдардың шифрланған атауларынан, шығармалардан алынған заттардан, жұмбақтардан болуы мүмкін. Кішкентай оқырмандар іс-шараға белсенді қатысып, ойнай жүріп, сұрақтарға жауап берді. Орталық тәрбиеленушілері де балалар кітапханасына барғанды ұнатады, онда уақыттарын қызықты өткізеді , көптеген жаңа және танымдық мәліметтермен танысады. Осындай өзара ынтымақтастықтағы жұмыс – балалардың кітап оқуға деген ынтасын оятады , ал кітап оқу- азаматтың жеке басын қалыптастырудың негізі болып табылады.