2021ж.23.09. Орталықта қамқоршылық кеңесінің отырысы болып өтті. Мекеме басшысы Абдрахманова Нагима Атаевна «Қамқоршылық кеңес – өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды сүйемелдеудің тиімді құралы» тақырыбында баяндама жасады.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен тәрбиеленушілер кеңесінің достық кездесуі ерекше түрде өтті. Шай іше отыра кездесуге қатысушылар балалардың өмірін қалай әртараптандыру және ересектер мен балалардың ынтымақтастығын тиімдірек ету туралы өз ойларымен бөлісті. Махажанова Айжан, Кузьменко Вадим, Поляков Рафхат, Зоя Вашкевич жазғы сауықтыру лагерінде болған кездегі жетістіктері туралы, Орталықтағы өмірі мен жасалып отырған жағдай туралы айтып берді және қонақтармен бірге жаңа оқу жылына арналған біріккен жұмыс жоспарын талқылады.
Басшының орынбасары Абдулина Гуля Николаевна тәрбие жұмысының бағыттары туралы, Орталықта жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады. Қамқоршылық кеңес мүшелерін әр түрлі жобалар жұмысына белсенді тарту, "Тәлімгерлік"жобасын дамыту туралы ұсыныс түсті.
Қамқоршылық кеңес мүшелері мен орталық тәрбиеленушілері арасындағы Диалог жылы және жағымды жағдайда өтті. Біз достарымыз - Шмидт Татьяна Викторовнаға, Конакпаева Зауреш Сагидулловнаға, Салахов Айрат Афлаховичке, Семенов Евгений Сергеевичке, Калимульдинов Тахир Болатовичке, Сариева Назира Габдуллаевнаға, Оразалиева Марал Каировнаға ынтымақтастығы мен көпжылдық достығы үшін алғыс айтамыз.