Кеңестің ұйымдастыру отырысы

2022ж.29.09. күні Орталықта тәрбиеленушілер кеңесінің үйымдастыру отырысы болып өтті. Отырыс барысында ересек тәрбиеленушілер барлық балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады, 2022 жыл бойынша балалардың өзін–өзі басқару жұмысының қорытындысы шығарылды.

Отырыста өздік дайындық жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды , мектеп формасы туралы ережемен, Оқушының құқықтары мен міндеттерімен танысты. Мұғалімдер күні мен Қарттар күніне арналған мерекеге дайындық мәселесін талқылады. Ашықхаттар мен кәдесыйлар дайындау бойынша жұмысты бастау туралы ұсыныс түсті. Міндеттер бөлініп, жауапты тұлғалар тағайындалды. Балалардың өзін-өзі басқару бойынша үйлестірушісі А.А. Родионова балаларды жұмыс жоспарымен, мектептегі мінез-құлықтың жалпы ережелерін сақтаумен таныстырды. Мектеп формасы белгілі бір тәртіпке үйретеді, әлеуметтік теңсіздікті жояды, белгілі бір ұжымға жататындығын түсінуге мүмкіндік береді.

Отырыста келесі ШЕШІМДЕР қабылданды:
1. Оқу кеңесі оқушылардың өзін-өзі даярлауын бақылауға алсын.
2. Орталық тәрбиеленушісінің кодексін бұзбау.
3. Мерекелік күндерге дайындық жұмыстарын жандандыру.