Құтты болсын, Айжан!

БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына, ҚР Конституциясына, "ҚР-дағы бала құқықтары туралы ", "Білім туралы" Заңдарға, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау Комитетінің жанындағы балалар мүддесін қорғайтын мемлекеттік саясаттың қолданыстағы заңнамаларына сәйкес балалар өкілдігі құрылды. Балалар өкілдіктерін құрудың негізгі мақсаттары:

1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) балалардың қоғам мен мемлекет өміріне қатысуының өзекті проблемаларын шешуге жәрдемдесу ;
3) балалардың, қоғамның және мемлекеттің игілігі үшін балалардың әлеуметтік бастамаларын, балалардың қоғамдық бірлестіктерін қолдау.

Павлодар облысы, Екібастұз қаласының балаларды қолдау орталығы атынан республикалық балалар өкілдігінің мүшесі болып 11 сынып оқушысы Махажанова Айжан Амангелдіқызы сайланды . Айжан жаңалыққа, білімге деген ұмтылысы жоғары, шығармашылық мүмкіндігі, оқуға деген ынтасы, өз қабілетін әр салада байқап көруге деген ықыласы зор. Белсенді өмірлік позицияға ие, әр түрлі деңгейдегі конкурстарға , жобаларға қатысушы, жүлдегер, дипломант және жеңімпазы болып табылады. Ол өзін-өзі бағалай біледі, өз көзқарасын ашық және тікелей білдіре алады. Оның өмірлік ережесі: "Мен жетістікке жетуге тырысамын"Айжанды оған көрсетілген жоғары сенімі үшін құттықтаймыз және оның жетістікке жететініне сенеміз!