2020ж.27.10. күні Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері кезекті рет "Көшбасшылық және абырой" балалардың өз- өзін басқару Республикалық Көшбасшылар кеңесінің конференциясына қатысты. Тренингтің тақырыбы "Шешендік өнер". Бас спикер сертификаты бар бизнес-тренерлер Асем Магзумова және Мадина Шынасыл.
Балалар "Шешендік өнер" деген не екендігін, шешен болу үшін қандай қадамдар жасау керектігін, өзінің қорқынышын қалай жеңу керектігін, шешен өзін қалай ұстау керектігін білді. Біз өз білгенімізбен бөлісе аламыз:
• 1-қадам : Ниет.Ең бастысы ниетің болу керек. Барлығы да адамның өзіне байланысты.
• 2 – қадам: Дайындық. Демек, өз ойыңды білдіру, өз идеяларын, уайымы мен сезімі. Егер адамның өз пікірі болса, сөйлеушіні тыңдау да өте қызықты.
• 3 - қадам: Практика. Ең маңызды қадам - бұл практика. Онсыз ештеңе шықпайды. Алғашқы қадам жасаудан еш қорықпау керек. Алғашқы қадамдардан соң, уақыты келгенде біздің өзімізге деген сенімсіздігіміз жойылады, керісінше уақыт өте келе тәжірибе пайда болады.
• Шешеннің сырт келбеті - ыңғайлы болуы керек. Бірақ та қандай іс –шара өтіп жатыр, сіз қай жерде сөйлемекшісіз соның бәрін есепке алу қажет.
• Шешен достық қарым –қатынаста болу керек. Көрермен сіздің досыңыз екенін елестету керек. Сахнада өнер көрсету ғана емес, көпшілік үшін өнер көрсету қажет.
• Қимылдар шешенді сүйемелдейді. Қандай жағдайда да басқа шешендерді қайталауға болмайды., әр кімнің өзіне тән қимылы болуы қажет.
• Көрерменге қағазда жазылғанды тыңдағанға қарағанда шын жүрегімен айтқан сөзді тыңдау әсерлі.
• Қорқыныш жақсы ма, әлде жаман ба?
Бұл жақсы да жаман да. Жақсы жағы қоқыныштың арқасында біз өзімізге сенімсіздікті азайтамыз. Ал, жаман жағы қорқыныш адамды тежейді. Кездесу керемет өтті!
Спасибо большое вам, Асем, Мадина Сіздерге білімдеріңіз үшін үлкен рақмет! Біздің кездесуімізден көптеген қызықты, танымдық мәлімет алдық! Біз бұл білгендерімізді міндетті түрде күнделікті өмірде қолданатын боламыз! Шешендік өнердің дағдысын біліп, тәжірибелі болу бұл шын мәнінде өте керемет! Сіздерге көп рақмет! Онлайн-кездесу керемет болды! Бәрімізге ұнады! Бүгінгі кездесу балалардың есінде ұзақ сақталатын болады.