09.03.2023

8 наурыз – ғажайып күн!

Міне, әйелдер күні де келіп жетті! Бұл күні біздің достарымыз, қамқоршымыз «Восточный» разрезі ұжымына, АО «ЕЭК»  адам ресурсы және әлеуметтік мәселе бойынша вице –президент  Носачева  Татьяна  Владимировнаға ,  АО «ЕЭК»  Восточный разрезінің кәсіподақ комитетінің төрағасы   Давиденко Василий Петровичке   біздің орталықтың қыздары мен әйелдеріне деген ыстық ықыласы үшін  зор алғыс білдіреміз!   Гүлдер, тәттілер үлкен, кіші барлығына қуаныш сыйлады! Осындай керемет сыйлық үшін рақмет!  Әдеттегідей  «Сәби бақыты» ҚҚ –ның басшысы Мамедова Акмарал рамазанова да Орталықтың қызметкерлері мен тәрбиеленуші қыздарды насарынан тыс қалдырмады, барлық әйелдер мен қыздарға әр түрлі түстегі қызғалдақтар жіберді.  

Көктемнің жарқын көрінісінің бірі – көшеде қолына бір шоқ  қызғалдақ гүлін ұстап , күлімсіреген қыздың бейнесі екендігіне келісетін шығарсыздар. Акмарал Рамазановнадан келген қызғалдақтар барлығы үшін керемет тосынсый болды.Музыкалық сыйлыққа да ерекше алғыс білдіреміз! «Восток» тобының солистері  Ибрагим  Туртулов  және биылғы жылы Андрей Малаховтың «Сәлем, Андрей» телешоуына қатысып келген Сергей Трандафиловты ду қол шапалақпен , аса қуанышпен  қарсы алды. Достық үйінің солисі, «Полония»  поляк  этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Ясинский Антон Иосифович, өз құттықтауында Орталықта қызмет істейтін әйелдердің еңбегін ерекше бағалап, әр бір қыз балаға отбасылық бақытты өмір тіледі. Біздің керемет достарымыздың арқасында мереке  ойдағыдай өтті!  Ел арасында  айтылатын  сыйлық  маңызды  емес ,  көңіл бөлу маңызды деген сөз рас шығар. Бірақ та біз үшін сіздерден  сыйлықтар алумен  қатар   мерекелік көңіл –күй, қуанышты сәт сыйлап , бізге көңіл бөлгендеріңіз жағымды әсер берді. Мың алғыс , сіздерге!