29.03.2020

Абайтану

Ұлы Абайдың мерейтойына арналған онкүндік аяқталуға жақын қалды. Абайды тану кең ауқымды және үнемі жүргізілетін процесс. Бұл осы оқу жылында жүргізіліп отырған екінші онкүндік. Онкүндіктің тақырыбына сәйкес көптеген іс –шаралар өткізілді. Бүгін 29 наурыз күні балаларды қолдау орталығында Абайдың шығармашылығын тануға арналған "Абайтану" атты сайыс болып өтті.

Сайыс 4 кезеңнен құралды:
1.Қатысушының қазақ тілінде өзін –өзі таныстыруы
2. Ақынның өмірбаяны бойынша сұраққа жауап беру
3.Абайдың шығармашылығы бойынша сұраққа жауап беру
4.Абай Құнанбаевтың шығармасын мәнерлеп оқу

Балалар ақынның шығармашылығы бойынша жақсы білетіндіктерін көрсетті, тақпақтарын жақсы оқыды. Сайыс қорытындысы бойынша Махажанова Айжан бірінші орын алып, 1- дәрежелі дипломмен марапатталды. Қатысушылардың барлығы ынталандыру дипломына ие болды және сыйлыққа тәтті сусын ұсынылды.