2022ж.09.11. күні балаларды қолдау орталығында "Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон" жобасы бойынша " Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ "ақпараттық акциясы аясында "Адам саудасына қарсы іс-қимыл және балаларды пайдалану " тренингі өткізілді. Тренингті орталық мамандары ұйымдастырды, оған 15 тәрбиеленуші белсенді қатысты. Іс-шара барысында бейнероликтер пайдаланылды, балалар сауалнамалар толтырды, топтарда және жеке жұмыс істеді, олардың айтуынша, көптеген жаңа және пайдалы ақпарат алды.
Тренинг соңында кері байланыс өтті, онда педагогтар мен қатысушылар өткізілген сабақ туралы, өмірдегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы өз пікірлерін білдірді, кез келген жағдайда өзара қарым-қатынаста хабардар, мұқият және мейірімді болу керек екендігі айтылды. Сондай-ақ белсенді қатысқаны, бір –бірін қолдағаны және командалық рухы үшін бір-біріне алғыстарын білдірді.