2021ж.12.01. күні Орталықта өзін-өзі тану бойынша айлық басталды. "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" республикалық кампаниясы аясында ересек балалар арасында "Адам сұлулығы оның ісінде" тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың "адамның шынайы сұлулығы" тұжырымы туралы түсінігін нығайту. Аңыз әңгімені тыңдап, мысалдар келтіре отыра , балалар адамның іс-әрекетіне талдау жасап, адамгершілік баға берді, шынайы сұлулық туралы өз пікірлерін білдірді, тапсырмаларды қуана орындады. Өздерінің жақсы - жаман іс-әрекеттері туралы жазды, түймедақ жапырақшаларын жасады, адамның жағымды қасиеттерін жазды, белгіленген мақсат бойынша ұсыныстарды аяқтады . Сабақтың соңында барлығы адамның әдемілігі оның жаны мен ой тазалығында, сұлулығы оның істері мен іс-әрекеттерінде жатыр деген қорытынды жасады.
12.01.2021