2022ж. 15.09.күні республикалық «Ақ орамал» акциясы шеңберінде Екібастұз қаласының Достық үйінде әсем бас киім - ақ орамал тағынған ақ жаулықты аналар жиналды. Ақ түс – тазалықтың, аналықтың, адалдықтың, даналықтың белгісі! Бұл ерекше күн Аналар күніне арналып өткізілді. Терең өмірлік мәнге толы рухани іс-шара-анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет, әсіресе, осы игі акцияны қолдауға келген жастар үшін , барлық аналарды мерекемен құттықтаған біздің тәрбиеленушілер үшін өте маңызды болды.
Ақ Орамал біздің анамыз Нағима Атаевнаға да сыйға тартылды, ол өз кезегінде барлық қатысушыларды осындай жарқын мерекемен шын жүректен құттықтады! Екібастұз қаласы Аналар кеңесінің төрайымы, "Ана ұлағаты" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сағындықова Маруаш Жолтанқызы біздің түлегіміз Яна Улиханованың басына Ақ орамал тақты. Республикалық акция бүкіл ел бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтіп жатыр және Достық үйі бұл акцияны абыроймен қолдап, өткізді.