02.02.2022

Алда бала жылы

2022ж.02.02. күні  Орталықтың  басшысы  Абдрахманова Нагима Атаевна ҚР ҒБМ  вице –министрі Б.А.Асылованың төрағалығымен өткізілген жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер басшылары үшін ұйымдастырылған  онлайн – кеңеске қатысты.

Кеңеске сондай-ақ ҚР БҒМ министрінің кеңесшісі Р. П.Шер, Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Е. Н. Иманғалиев, ЖҚЖК өкілдері, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Біздің мекеменің қамқоршылық кеңесінің атынан Достық үйінің директоры  Конакбаева З. С. және "Восточный" разрезі кәсіподақ комитетінің төрағасы Давыденко В.П.  қатысты. Кеңес барысында интернаттық ұйымдарда  балалар жылын өткізу шеңберінде тұжырымдаманы, іс-шаралар жоспарын және оларды іске асыруды талқылау негізгі мәселе болды. Кеңеске қатысушылар балаларды қорғау, оларды дамыту және өзін-өзі табысты анықтау мәселелері бойынша ұсыныстарымен бөлісті.