Алғыс айту күні, адамдардың бір –біріне жақсылық жасауға,қайырымдылық көрсетуге қуанышымен бөлісуге, қамқорлық пен сүйіспеншілік сыйлауға және біздердің әр қайсысымызға жасалып жатқан жақсылық пен мейірімділік үшін Алғыс айту мүмкіндігін беретін, барлығымызды біріктіретін таңғажайып мереке. Біздің тәрбиеленушілер үшін бұл мереке - достық күні, мәдениттілікті көрсететін күн.
"Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ-де қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге және балалардың жеке басының рухани адамгершілік қалыптасуына бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті. Солардың "Біз алғыс білдіреміз!» іс –шарасы болды."Восточный" разрезі кәсіподақ комитетінің төрағасы Василий Петрович Давиденконың қатысуымен әр қазақстандықтың өміріндегі Алғыс айту күнінің маңыздылығы туралы әңгіме өтті. Жиналғандардың барлығына "time Lider" үгіт-насихат бригадасының қойылымы жақсы көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады.Олар әзіл-оспақпен "Восточный" разрезінің бастықтарына , әлеуметтік серіктестерге , педагогтарға алғыстарын білдіріп , сертификат табыс етті.
Өз кезегінде В. П. Давиденко "Қазақстан менің алтын бесігім" республикалық фестивалінің I кезеңінің жеңімпаздарына ақшалай сыйлық табыс етті, тәрбиеленушілерді дайындағаны үшін педагогтарға алғысын білдіріп, айналасындағы адамдарды бағалай алатын , жақсы көре білетін біздің әрбір тәрбиеленушіміз өмірде өз орындарын табатынын сенімділікпенжеткізді.