19.08.2021

Балалар өкілдігімен іскерлік кездесу

2021ж.19.08. күні өмірлік  қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру шеңберінде балаларды  қолдау Орталығына "Nur Otan" партиясы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның төрайымы , кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі Татьяна Викторовна Шмидт келді. Әрине, Татьяна Викторовна ресми сапармен келгеніне қарамастан, балалар  өздері  жақсы көретін  отбасылық  досымен   кездескен кездегі  қуаныштарын  жасырмады.  Татьяна Викторовнаны үйге ертіп кіріп,  жазда қалай демалғанын, үйді қалай сағынғанын айтуға асықты. Өз кезегінде Татьяна Викторовна балаларға тек жазғы демалысты ғана емес, сонымен қатар өмір сүру  жағдайларына, ересектермен қарым-қатынасы туралы, болашақ жоспарларына  қатысты  жалпы мәселелерге де қызығушылық танытты. Татьяна Викторовна балаларды қолдау орталығының әкімі Айжан Махажановамен ерекше әңгіме өткізді , оған ҚР балалар құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі балалар өкілдігінің республикалық кеңесінің мүшесі куәлігі табыс етілді. Балалардың  атынан  Махажанова Айжан  Татьяна  Викторовнаға  іскерлік кездесу үшін алғыс білдірді.