Түрлі оқиғаларға толы тағы да бір жұмыс күні аяқталды. Сейсенбі – балалардың ата –аналарының келетін күні, мектептегі сабағына қатысады, өздік дайындыққа көмектеседі, дайындық және үйірме бойынша сабақтарға және тағы басқа да көптеген шараларға қатыса алады.
Бұл күні балалар әрине ата –аналарын күтеді, терезеге қарап жүреді, мектептен келе сала маған ешкім келген жоқ па? деп сұрап жүреді. Ата –анасы қалада тұратын балалар , оларды көргісі келеді, олардың өзін қашан алып кететіндігін сұрап мазасызданады. Бірақ та ата –аналары бұл сұраққа жауап таппай, жүзін жасыра , жақында алып кетемін деп құр уәде беретін жағдайда не істеуге болады!
Орталықтың әкімшілігі күн сайын балаларды отбасына орналастыру, өз отбасына қайтару, отбасына қонаққа баруды ресімдеу, жаңадан келіп түскен балалар туралы ақпарат , құжат жинау, қамқоршылық және қорғаншылық органдармен, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша қызмет жасайтын мекемелер және мамандармен ,сот орындаушылармен ХҚКО, МЮП, мектеп және тағы да басқалармен бірлесіп жұмыс жасау секілді көптеген қызметтерді атқарады.
Бүгін біздің отбасымызда өткен маңызды оқиғамен бөліссек дейміз.Орталықтың ең негізгі мақсаттарының бірі – балалардың құқығы мен мүддесін қорғау, алдымен отбасында тұрып , тәрбиелену құқығын қорғау яғни балаларды отбасына қайтару үшін барлық мамандар жұмыс жасайды. Балалар өмірлік қиын жағдайға душар болады , ал оларға әлеуметтік – психологиялық – педагогикалық көмек қажет. Бүгін кәмелеттік жасқа толмаған екі бала Руслан мен Максим біздің орталықта бір неше күн тұрғаннан соң, туған отбасыларына оралды. Олар әкесі Икрамов Рустаммен бірге ШҚО –на кетті. Орталық мамандарының және әкесіне қажетті құжаттарды жылдам жасауға көмектескен полиция майоры Қалыкова Динара Калыковнаның тиімді жұмысы жасауы нәтижесінде балалар туған әкелеріне қайтарылды.
Жолдарың болсын, деп тілейміз! Отбасыларыңда барлығы керемет болсын! Балалардың балалық шағы ата –анасының жанында бақытты болуы керек!
04.02.2020