«Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» тәрбиеленушілері үшін балалар мейрамы 31 мамырдан басталып кетті. Бұл күні Халық банкінің Екібасұздағы бөлімшесі біздің тәрбиеленушілерге арнап , үлкен ойын –сауық бағдарламасын ұсынды, «Люмьер» кинотеатрында керемет отбасылық «Алладин» фильмін тамашалады, балаларға арнап фуршет столы жайылып, көңілді аниматорлардың қатысуымен ойын ойнады. Банк директоры Шешембеков Даурен Маратович балаларды мерекемен құттықтап, жазда көңілді де қызықты демалуларын тілей келе, астарың дәмді болсын деді. Себебі столдың үсті балалардың сүйіп жейтін пицца , бургер, сокқа толып тұрды.
1 маусым күні таңертеңнен бастап, кешке дейін балалар үшін нағыз Балалаық шақтың мерекесі ұйымдастырылды, бұл күн жарқын да позитивті оқиғаларға толы болды. Біздің қамқоршыларымыз, ЕЕС АҚ «Восточный» разрезінің кәсіподақ комитеті Жастар кеңесімен бірлесіп, ЕRG Жазғы денсаулық фестивалін өткізді. Балалар барлық мерекелік конкурстарға белсене қатысты, аса қызығушылықпен спорттық флешмоб биледі, көңілді ойындарды ойнады, медаль мен сыйлықтарға ие болды, соңында барлық балалардың сүйіп жейтін тәттісі – балмұздақ тарту етілді. Осы күні оқу үздіктері мен Орталықтың қоғамдық жұмысына белсене араласатын тәрбиеленушілерді марапаттау жұлдызды іс –шарасы да болып өтті. Бұл іс –шараның демеушілері ЕЭК АҚ –ның президенті Гриненко Валерий Иванович, «Восточный» разрезінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Давиденко Василий Петрович және біздің балалардың досы , Германияда тұратын Мария Теодоровна. 15 бала ақшалай стипендия алды, бұл олар үшін күтпеген жағымды тосын сый болды.Мерекелік түскі астан соң балаларға циркке барды, цирк жаңадан келген балаларға ерекше әсер қалдырды. Балалық шақтың мерекесі, Халық аралық отбасы күніне арналған "Біз бірге бақыттымыз!"қалалық отбасылық фотография сайысында жеіңске жеткені үшін үлкен , тату отбасын Дипломмен марапаттау рәсімімен аяқталды. Бұл күннің көңілді, позитивтік жағдайда өтуіне біздің керемет достарымыз көмектесті. Олар біздің үйге бас сұғып, балаларды құттықтап, сыйлық ұсынған:Екібастұз қаласының білім беру бөлімі, "Восточный" разрезінің қамқоршылары, Халық банк,"Гидропром" ЖШС, " Зерде" мектебінің оныншы сынып оқушылары, бітіріп кеткен тәрбиеленушілеріміз, қалалық мектептердің аспаздары, перезентхана қызметкерлері, инста парақшасындағы достарымыз. Екібастұз - мейірімді және жомарт жандар қаласы, балаларға мейірімді қала! Біздің балаларға назар аударып, қолдау көрсетіп, қамқорлық танытқандарыңыз үшін рақмет! Бұл күн балалардың есінде көңілді ойындар, әндер, билер, көңіл көтерумен қатар мейірімді адамдармен танысқандығымен естерінде қалатынына біз сенімдіміз.
04.06.2019