18.01.2019

Бурабайдағы қысқы демалыс

«Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін қысқы демалыс расында да ғажайып болып өтті. «Сәби бақыты» қоғамдық қорының басшысы Мамедова Ақмарал Рамазанова «Жаңа жылдың ғажайыптары» акциясы шеңберінде балалар үйінің 32 тәрбиенушісін Бурабай демалыс орынына апаруды ұйымдастырды. Бурабай курорты - Астана қаласының орталығынан 250 шақырымдай қашықтықта орналасқан,халық арасында Қазақстанның «Швейцариясы» деп аталып кеткен, орманды алқап.

Балалардың демалысы көңілді және пайдалы өтуі үшін әр түрлі экскурсиялар, қызықты маршруттар ұсынылды. Үш күн бойы олар Щучье көліне жақын, қарағайлы орманның ортасында орналасқан «Бай-Бура» мейманханасының жайлы бөлмелерінде тұрды.Мұнда өткізген әр бір күн қызықтарға толы болды: Бурабай кентінің жаңартылған тарих мұражайына, табиғат мұражайына, орман шаруашылығына, зообұрышқа, ат ауласына барды. Балалар жылқы, пони, түйеге мініп, шанамен сырғанау мүмкіндігіне ие болды.

Балалар үшін ең қызықты сәт «Санта резиденциясында» болуы. Мұнда балаларға арнап «Жаңа жылдық дәстүрлер» атты экскурсия ұйымдастырылды, жаңа жылдық шұлық жасау бойынша өткізілген мастер – классқа қатысты, сиқырлы бақыт монеталарын сыйлады, Сантамен фотосессия өткізілді. Осы күні балалар шаманға қонаққа шақырылып, Солтүстік халықтардың өмірі туралы өте қызықты әңгімелер естіп, тілектерін орындау рәсімін жасады. Экскурсия барысында балаларға тәжірибелі гидтер ауылдағы ең қызықты және жұмбақ орындар туралы аңыздарды әңгімелеп берді. Балалардың Бурабайда болған кезі Рождество мерекесіне сәйкес келеді. 7 қаңтар күні балаларға арнап мерекелік кешкі ас ұйымдастырылды.

Бурабайда дем алу керек! Мұндай керемет табиғат, таза ауа әлемнің еш жерінде жоқ шығар.Бұл күндері ауа райы өте жайлы, желсіз, жылы болды, осындай таза ауада балалардың әлі де біраз қалғысы келді. Үш күн бойы балалар өз уақыттарын квадроциклмен, плюшкамен, конькимен , қарда сырғанап, таза ауада, далада өткізді. Бұл бір ұмытылмас демалыс болды! Қоштасарда балалар қысқы демалыстарын соншалықты жарқын және ғажайып өткізуге мүмкіндік жасаған «Сәби бақыты» қорына шынайы ризашылықтарын білдірді. «Сәби бақыты» Қоғамдық қоры Қазақстанда шамамен үш жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы уақыт аралығында оның қызметкерлері балаларға бақытты сәттерді сыйлайтын көптеген акцияларды өткіп үлгерді.

"Сәби Бақыты" қорына көрсеткен сенімі, қамқорлығы мен біздің өмірімізде болғаны үшін рахмет, өйткені қоғамның тұрақты қолдауы балаларға қоршаған ортаның қайырымдылығына сенуге көмектеседі, әр баланың шығармашылық әлеуетін ашады, өмірде өз орнын табуға серпін береді.