1 қыркүйек – білім күні көптен күткен мереке. Ал мереке қонақсыз болмайды ғой?! Бірінші сыныпқа барған балаларды құттықтау үшін Достық үйінің өкілдері «Ана ұлағаты» ҚҚ мүшелері келді. "Күн сайын жаңа білім алуға тырысыңдар, оқыңдар, ойланыңдар, талдаңдар. Сендердің өмірлерің алда, оны өздерің танып білулерің керек",- деді қордың төрайымы Маруаш Жолтановна. Барлық бірінші сынып оқушыларына шағын сыйлықтар тарту етілді, ал әжелердің өз қолдарымен пісірген дәмді бәліштер мен бауырсақтар түскі ас кезінде балаларға ұсынылды. Биылғы жылы Орталықта екі қыз бала және бір ұл бала бірінші сыныпқа барады. Біздер үшін кішкентайлармен жұмыс істеу үйреншікті емес, десе де олардың шынайы жүздеріне қарап , барлығының да көмектескісі келеді. Бүгін олар үшін алғашқы мектеп қоңырауы соғылды! Ол олардың есінде әсерлі және көңілді болып сақталсын!
01.09.2019