2023 жылдың 28 сәуір күні Екібастұз қаласындағы "Қайнар" ББҰК-де ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім мекемелері тәрбиеленушілерінің арасында "Бірлікпенен бақыттымыз!" тақырыбында облыстық V үгітбригадалар сайысы, Екібастұз қаласындағы өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығының бастамасы мен ұйымдастырылып өткізілді.
Сайысқа Кенжекөл селолық отбасы үлгісіндегі балалалар қалашығы, Павлодар қаласындағы отбасы үлгісіндегі балалар қалашығы ,Павлодар қаласындағы аумақтық балаларды қолдау орталығы және Екібастұз қаласындағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері қатысты.Сайыстың негізгі бағыты-тәрбиеленушілердің өмірге деген белсенділігін қалыптастыру,адамгершілік -патриоттық тәрбиенің деңгейін көтеру және үгіт бригада жұмысын балалар бірлестігі қызметінің бір түрі екендігін насихаттау.
Командалардың ойынын Павлодар облысының Білім беру басқармасының балалардың құқығын қорғау бөлімінің бас маманы Байгазинова Гулмира Жайнакбаевна бастаған әділ қазылар алқасы бағалап отырды. Қатысушылардың барлығы дерлік өз өнерлерін өздері және айналасындағыларға пайдалы боларлықтай деңгейде көрсете білді.Ойынды тамашалауға шақырылған мектеп оқушылары сайыскерлерге жан -жақты қолдау көрсетіп,қол шапалақтаумен болды.
Барлық үгітбригадаларының қойылымдары шығармашылық көрініс түрінде жарқын да позитивті, театрланған ,патриоттық өлең, тақпақ, ұранменен өз замандастарына достықты бағалауды,толерантты болуды, Отанын сүюді насихаттай білді. Ашық түсті безендіру,плакаттар, қатысушылардың біркелкі формалары барлығы іс -шараның сәнін келтірді. Қатысушылардың барлығы бір ауыздан осындай іс-шаралар достық қарым -қатынасты нығайтумен қатар олардың игі іс жасауға деген ниеттерін оятып,белсенділіктері мен өмірлік позицияларын дәлелдеуге мүмкіндік береді деген қорытынды жасады.
Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар: Гран при -"Екібастұз қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы"КММ. 1орын-"Кенжекөл селолық отбасы үлгісіндегі балалар қалашығы" КММ 2орын- Павлодар қалалық аумақтық өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығы"КММ. Жүлделі орын иеленген командаларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар ұсынылды.
Үгіт бригада сайысына "Ең жарқын қатысушы ұл"номинациясы Кенжекөл селолық отбасы үлгісіндегі балалар қалашығы тәрбиеленушісі Болатов Адильжанға,ал "Ең жарқын қатсушы қыз"ноимнациясы Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Самойлова Аидаға берілді.