2020ж.28.08. күні Орталықта облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен шылым шегудің алдын алу бойынша конференция болып өтті. Конференцияға ересек жастың балалары қатысты. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Токтарова Жанна zoom платформасы арқылы слайдтық презентация қолдана отырып балалармен темекі жөнінде келесі мәселелерді талқылады : Пассивті темекі шегу дегеніміз не, темекі шегу кезінде адамның жүйке жүйесімен не болады, денсаулықты сақтауға және нығайтуға не көмектеседі. Ол балаларға насыбай, снюс, кальян, электронды темекінің зияны туралы айтты. Слайдтарда ол өкпемен, ас қорыту жүйесімен және темекі шегу кезінде адамның барлық мүшелерімен не болатынын көрсетті. Балалар көптеген пайдалы ақпарат алды.
28.08.2020