12.10.2021

Біз әрқашан сенімен біргеміз!

Екі жылдан бері  біздің отбасымызда үнемі  күлімсіреп жүретін, мейірімді бала  Урсаки Сергей  тұрып жатыр. Ол тірек –қимыл аппаратының күрделі проблемаларына қарамастан, ешқашан  жасыған емес, әрқашан жақсы көңіл-күйде жүреді.  Сергей 16 жаста болса да, ол өзінің балалық  қылықтарын жоғалтпады, қарапайым  нәрселерден ләззат ала біледі. Балаларды қолдау Орталығының  Әкімшілігі мен медициналық қызметі жасөспірімнің денсаулығын қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. 2020 жылы Сергей прогрессивті  бұлшық ет  дистрофиясы  диагнозымен  Павлодар  қаласының Облыстық балалар ауруханасында стационарлық емдеуден өтті. Осы жылдың күзінде Нұр-сұлтан  қаласының  Балаларды  оңалту  ғылыми  орталығында толық тексеруден өтіп, 2020 жылдың қараша айында екі табанның паралитикалық эвинустық деформациясы диагнозымен жедел емдеу үшін ана мен бала ғылыми орталығына ауыстырылды.  Бір жыл ішінде оң жақтағы ашық ахиллопластика, білек буынының артқы шығарылымы, ашық плантатомия, сол аяқтың эвинустық деформациясын жою бойынша  операция екі рет жасалды . Иа, оған да, бізге  де оңай болған жоқ. Күн сайынғы жұмыс  мекеме басшысы Абдрахманова Н.А. және медбикелер ғылыми орталыққа қоңырау шалудан, бас дәрігермен  және  Сергеймен әңгімелесуден басталатын , ол үйге қайтуды  асыға күткен болатын. Бүгінде Сергей денсаулықты қалпына келтіру бойынша әлі де үлкен жұмыс күтіп тұрғанына қарамастан, өз бетінше жүріп  жүр . Біз ол үшін өте қуаныштымыз! Қыркүйек айынан  бастап  ол  колледж студенті.  Осы  демалыс  күндері  ол  үшін  нағыз  мереке  болды.  Ол өзінің стипендиясын алу үшін  банкке, содан кейін MAXI mall сауда орталығына барып , өз бетінше сауда жасасып , достарына тәттілер таңдады.  Әрине, біз онымен бірге Tarelka фуд-та отырып дәмді пиццадан дәм татып, кофе іше отыра   өмір жайлы , оқу қиындықтары мен жетістіктері  туралы,  алғыс  айта білу туралы сөйлестік. Сергейдің айтуынша, ол үшін бұл ең бақытты және ұмытылмас күн болды  және ол үшін жасалғанның бәрін ешқашан ұмытпайды. Бақытты бол Сергей!  Саған  сенімділік  пен  болашақ  өміріңе   ақ жол тілейміз.  Ал,біз әрқашан сенімен біргеміз!