12.11.2021

Біздің достарымыз туралы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуының алғашқы жылдарында Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы пайда болды. Бүгінгі күні ҚІӘҚ еліміз бойынша 15 мыңдай әйелдерді біріктіріп отыр. Екібастұз қаласы бойынша ҚІӘҚ –ның төрайымы қызметін Суйнишева Шаттык Ешмуратовна атқарады. Ол жетім қалған және өмірлік қиын жағдайға душар болған балаларды қолдауға бағытталған қайырымдылық –әлеуметтік қызметтерді белсенді түрде атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Екібастұз қаласындағы ҚІӘҚ және «Жас қанаттар» жастар бірлестігі көшбасшылары Орталықтың тәрбиеленушілеріне арнап әдемі де жайлы «Savoy» ресторанында күзгі бал кешін ұйымдастырды. Бұл балалардың есінде көпке дейін сақталатын ұмытылмас мереке болды! Мереке барысында аниматорлардың ұйымдастырған интерактивтік ойындарға барлық балалар жаппай қатысты. Күзгі бал мерекесі балаларға достарымен араласып билеу ғана емес сонымен қатар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге де мүмкіндік берді. Іс –шараға қатысушылар көрермендерге өздерінің визиткаларын , қызықты концерттік нөмірлерді, ән мен би, шағын қойылымдарды ұсынды. Барлығы жоғары деңгейде болып өтті. Қазылар алқасына да оңай болмады. Суйнишева Шаттык Ешмуратовнаның айтуы бойынша : «Конкрсанттардың барлығы дарынды , жарқын, нағыз жұлдыздар, бізге қуаныш пен шаттық сыйлады» Өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша күздің патшасы мен патшайымы ең кішкентай қатысушылар Кияшева Эмилия мен Екимов Даниил. Конкурсанттардың барлығы тәтті сыйлықтар мен ақшалай сыйақыға ие болды. Ал балалар үшін ең басты сыйлық , kidsstore street style брендінің негізін қалаушы әрі иесі Тукаева Галияның сыйлаған модаға сай әдемі киімдері болды.
Заманауи, стильді костюмдердегі дефиле, Галия Тукаеваның атаулы футболкаларын киіп ұйымдастырылған флешмоб ешкімді бей-жай қалдырмады. БҚО –ның басшысы Н.А.Абдрахманова алғысын айтып,сертификат табыстады. Мереке барлығына да ұнады! Қалған уақыттарында балалар дискотекада көңіл көтеріп, тәттілерден дәм татты. ҚІӘҚ –на шын жүректен алғыс айтамыз! Бақыт пен амандық тілейміз!