«Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-інде Алғыс айту күніне арналған жыл сайынғы «Ризашылық мейірімділік бұлағы» атты жалпы қоғамдық мәдени – білім беру жобасы шеңберінде қарым-қатынастың әр түрлі, сараланған түрлерін қамтитын бірқатар іс-шаралар өтті.
Барлық іс-шаралардың негізгі міндеті қазақстандық патриотизмді нығайту, "Алғыс айту күні" ұғымының мағынасын ашу арқылы балалардың рухани-адамгершілік қасиетін дамыту болды. Жоба шеңберінде Орталықтың тәрбиеленушілері жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында ұйымдастырылған "Қазақстан – менің алтын бесігім" атты Республикалық балалар фестиваліне қатысты. Орталық тәрбиеленушілері байқауға үш бағыт бойынша қатысты : халық биі байқауы «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі», вокалистер байқауы, «Жүрек жылуы», театр байқауы «Ризамын халқыма!»
Бұл күні "Мейірімді алақан" флеш - акциясы өткізілді . Алақан-достық, мейірімділік және ашықтықтың символы. Барлық тілек білдірушілер алақандарын үлкен параққа басып салды, кейбірі түрлі - түсті қағаздан алақандарын қиып, алғыс сөздерін ,тілектерін, сезімталдық пен мейірімділік, келісім мен достық танытуға үндеулер жазып қалдырды . Тәрбиеленушілер "Қайырлы күннің символы – құрт" танымдық іс-шарасына қатысып, онлайн форматта "Алжир"саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражай-мемориалдық кешенін тамашалады. Барлық топтарда "Қазақстан жерінің жылуы", "Татулықтың тұтқасы - бірліктің бесігі" атты тақырыптық тәрбие сағаттары өткізілді. "Менің Қазақстанға жолым"атты фильмдер мен бейнероликтерді көру үшін ұйымдастырылған видиосалон жұмыс істеді.
2021ж.01.03. Виртуалды студиядағы интернет –алаңда «Шын жүректен алғыс айтамыз!» ZOOM форматында орталық тәрбиеленушілерінің көптеген жылдар бойы қасында болып, көмектесіп, қолдау көрсетіп, қуанышты қарым-қатынас сәттерін сыйлап жүрген достарымен кездесуі болып өтті. Онлайн кездесуге қатысушылар: "Восточный" разрезінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Давидено В.П., Балаларды қолдау орталығының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы - - Арсютин Н.Г., "Балалар қоры "Екібастұз" ҚҚ директоры Шмидт Т.В., "Алем" бейімделу орталығының директоры Суйнишева Ш.Е., руководитель ОФ "Сәби бақыты" ҚҚ басшысы - Мамедова А.Р., №1 мектеп –лицей директоры Абишева Г.И., №24 мектеп –гимназия директоры Рахметжанова К.Р., балалар көркем сурет мектебінің директоры Сыздыков Г. Х., Екібастұз қ. Достық үйінің директоры - Конакбаева З.С., Достық үйінің аналар кеңесінің мүшесі Шушаева Л. С., "Горводоканал" МКК директоры Бекбергенова Л.Е., Ахмолдина Г. К. және басқалар .
Орталық тәрбиеленушілері өздерінің атына көп жылғы достығы үшін , ата-ана қамқорлығы мен ықыласы үшін, қайырымды жүрегі үшін алғыстарын айтты. Ризашылықтарын білдірді ! Бұл сөз онлайн -кездесудің ұранына айналды. Қорытындылай келе, алғыс ретінде тәрбиеленушілер достарына өз жүрекшелер сыйлады. Алғыс айту күні мерекесі - біздің ұжымдағы ересектер мен балалар үшін біздің әр бірімізге жасалып жатқан жақсылық пен қамқорлыққа алғыс айтып, қуанышымызбен бөлісетін күн, қазақстандық патриотизм күні, достық күні, шынайы алғыс күні болып есептеледі.