17.04.2023

Біз өзіміз салып жатқан үй

Біз өзіміз салып жатқан үй Біз өзіміз салып жатқан үй

2023 жылғы 17 сәуірде Орталықта «Біз өзіміз салып жатқан үй» тақырыбында балалар мен ересектердің жалпы жиналысы өтті. Шынымен де, әр адамның үйі болуы керек – ол жай ғана баспана емес, ол жерде оны жақсы көріп, күтіп, түсініп, бар қалпында қабылдайтын, жылу мен жайлылыққа толы орын болуы қажет. Біздің барлық балаларымыз Балаларды қолдау орталығын өз үйлері деп санайды, ал үлкендер мен балаларды – өз отбасылары деп біледі. Біз, Орталықта жұмыс істейтін ересектер үшін, мектептен қайтып келген бала топқа жүгіріп кіріп: «Анашым, мен келдім!» – деген сөздерді есту өте қуанышты.

Оқу жылының басында біз алдымен қалай өмір сүретініміз туралы әңгімелесеміз, «арман үйімізді салу жоспарын» талқылаймыз, барлығымыз бірігіп тұрғызатын супер-үйдің ортақ жобасын жасаймыз. Жиналыста әр топтың белсенділері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, жетістіктерімен бөлісті. Үздік тәрбиеленушілер ересектерден алғыс сөздерін естіп, өздерінің тәлімгерлері мен тәрбиешілеріне ризашылықтарын білдірді, мектептегі қарым-қатынастар, шефтермен жұмыс барысы, жоспарланған және орындалған істер жайлы әңгімеледі. Әрине, қиындықтар да болды, олар да жиналыста айтылды, әркім өз сабағын алды.

Балаларға арнаған сөзінде жетекші Абдрахманова Н.А. ұжымдағы тұрақты эмоционалдық климат үшін, қызметкерлерге және бір-біріне деген сыйластықтары үшін балаларға алғысын білдірді. «Бәріміз де бақытты болатын үйді армандаймыз, бірақ ол үшін бізге ерекше қасиеттері бар құрылыс материалы қажет: мейірімділік, түсіністік, өзара көмек, шыдамдылық, әдептілік, әзіл-қалжың. Біз бәріміз – құрылысшылармыз: сендер де, тәрбиешілер де, мен де. Олай болса, даналық пен түсіністікті, өзара көмекті және көтеріңкі көңіл-күйді қоса білейік! Үйіміз ең мейірімді, ең жылы әрі ең жайлы болсын!»