21.03.2022

Достарымызда қонақта

Достық үйінде Наурыз мерекесіне арналған үлкен мерекелік концерт өтті. Жарқыраған  костюмдер, көңілді ән -күй, ойын -күлкі  осының барлығы шақырылған қонақтарға жағымды көңіл-күй сыйлады, олардың қатарында балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері де болды. "Ана ұлағаты" ҚҚ  әжелері мерекелік іс-шараны дәстүрлі шашудан бастады , аластау  рәсімін өткізді, балалар тілек білдірді . Бұл өте көңілді, мерекелік көңіл күй сыйлаған кездесу болды. Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін балалар қазақтың ұлттық  орталығына , мерекелік дастарханға шақырылды , онда басты тағам  наурыз көжеден дәм татты , барлығы  дәстүр бойынша  Сарқыт алды. Достық үйінің директоры Конакбаева Зауреш Сагидулловнаға шынайы алғысымызды білдіреміз! Біздің балаларымызды назарынан тыс қалдырмағаны үшін , қолдауы үшін рахмет!  Барлық этномәдени бірлестіктерге   жарқыраған әдемі  костюмдері , тамаша нөмірлер үшін рахмет ! Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Елімізде бейбітшілік пен келісім болсын деп тілейміз !