Орталықта 2 маусымда жыл сайын өткізілетін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Шығыс» разрезінің еңбек ардагерлерімен дәстүрлі кездесу өтті. Қарт адамдарға жастардың өздеріне құрметпен қарағаны ерекше қуаныш сыйлайды. Олар біздің тарапымыздан көрсетілген әрбір ықыласты бағалайды. Шынында да, қазіргі уақытта жас ұрпақ пен қарттар арасындағы қарым-қатынас жеткіліксіз екені жасырын емес.
Алайда, «Шығыс» разрезінің еңбек ардагерлері мен Орталық тәрбиеленушілерінің арасындағы байланысты бұл сөздерге жатқыза алмаймыз. Белгілі бір күндерге арналған кездесулерден бөлек, бізде ұрпақтар сабақтастығы, сенбіліктер, мерекелік кештер өткізіліп тұрады. Ал бүгін, Балаларды қорғау күніне арналған кездесудің аясында «Планетаны бірге әсемдейік!» атты экологиялық десант ұйымдастырылды. Балалар ересектермен бірге гүл көшеттерін отырғызумен айналысты.
Өз еңбегі мен білімін разрездің, қаланың дамуына арнаған дана, тәжірибелі, мейірімді, талантты адамдармен өткен кездесу өте жылы өтті. Кездесу соңында әңгіме мерекелік дастархан басында жалғасып, әндер мен өлең оқумен әрленді.
