24 желтоқсанда Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан көптен күткен мерекелік шырша болып өтті, ол балалар үшін нағыз сиқырлы мерекеге айналды. Салтанатты шараға балаларды қолдау орталығының бес тәрбиеленушісі де қатысып қайттты , олар үшін бұл күн ұзақ уақыт есте қалатын жылдың ең жағымды оқиғасы болды. Мерекелік шыршаға қатысысқан балаларды қолдау орталығына жаңадан келген балалар, өздерінің көңіл-күйін, армандарын және Отанға деген көзқарасын білдіретін ертегі кейіпкерлері бейнесіндегі жаңа талғампаз костюмдермен жарқырады.
Сақ патшайымы Томирис образында Гүлзат Мұхамбетова және оның ержүрек батырларын Максим Жақаев пен Ахмет Сердцев бейнеледі. Олардың костюмдері Қазақстанның бай тарихи мұрасын, күш, даналық пен мақтаныш сезімін білдірді. Мерекелік атмосфера, шыршаның жарқын шамдары, көңілді музыка мен би балаларға қуаныш пен бақыт сыйлады. Балалар Ж.Аймауытов атындағы қазақ –драма театры әртістеріне қуанышпен қошемет көрсетті.
Облыс әкімі Асаин Байхановтың Президент атынан сыйлықтар табыстауы қызықты сәт болды. Әр балаға танымдық кітаптар, жұмсақ ойыншықтар, тәттілер жиынтығы, сондай-ақ 150 мың теңге сомасына сертификаттар табыс етілді. Бұл жомарт және мағыналы сыйлықтарға балалар шынайы қуаныш пен шаттық сыйлады. Орталықтың жаңадан келген тәрбиеленушілері үшін осындай ауқымды және салтанатты іс — шараға қатысу олардың ортақ үйіміз – Қазақстанға деген сүйіспеншілік сезімін және арманның орындалуына деген сенімін нығайтқан маңызды оқиға болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан шырша мереке ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің әр балаға деген қамқорлығы туралы еске салатын ерекше оқиғаға айналды. Балалар үшін бұл күн ерекше қуанышты күн болды.