2019ж 17. 11. Кіші топ тәрбиеленушілері үшін SMALL гипермаркетіне экскурсия ұйымдастырылды. Оның несі екеше деуі мүмкін?! Өз отбасында өсіп жатқан балалар үшін , ата –аналарымен дүкен аралап , қыдыру мүмкіндігі жоқтарды түсіне бермейтіні шындық. Балалар үшін бәрі өте қызықты болды! Мақсат –экскурсия әдісімен балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.
Супермаркет - бұл өз –өзіне қызмет көрсететін, көптеген тауарлар тұратын үлкен дүкен екендігін түсінді. Тауарлардың реттеліп қойылуы , бағасымен танысты. Тауарларды неліктен санатына қарай реттеп қояды, мұны кім жасайды, іздеген тауарды қалай тез тауып алу керек, бағалары мен жеңілдіктер, жаппай сатылым, арбаны қай жерден алу керек, бөлімге кірер алдында сумканы қайда қалдыру керек, төлемді қалай жасайды, тауары бар пакетке желімделген қағаз нені білдіреді, штрих –код деген не тағы да басқа көптеген сұрақтар қойды. Біздің таң қалғанымыздай тұрғындар мен қызметкерлердің балаларға деген жақыс қарым –қатынасы. Барлығы балалардың шуылына түсіністікпен күле қарап, кейбір жағдайларды түсіндіріп жатты. Мысалы ер адам сақтау камерасының қызметін түсіндірсе, күзетшілер кіргізу жүйесін, кассирлер штрих-код бойынша қалай бағасын анықтауға болатындығы туралы түсіндірді. Міне , осындай бір екреше экскурсия болды.
17.11.2019