Ақпан айының соңғы демалыс күнінде орталық тәрбиеленушілері үшін үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар-Баянауыл ауданының жастары, "Баянауыл таланты - 2022" байқауының бас жүлдесінің және жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді араласатын "Жылдың үздік еріктілер клубы - 2022" атағының иегерлері болды .
Аниматорлар, музыкалық нөмірлер және әр баланың жасына сәйкес ұсынылған сыйлықтар біздің балаларымыз үшін үлкен тосын сый болды. Баянауыл ауданы жастарының жарқын өкілдері, олардың арасында көптеген педагогтар, студенттер мен балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері аз уақыт ішінде тез тіл табысып "Игі іс жасай отырып , сіз әлемнің қоржынына кемінде 1 маңызды іс, 2 шынайы күлімсіреу және адамға деген шексіз сенім қосасыз"деген ұранмен бірікті.
Мерекелік іс-шара дәмді шай ішумен және бір-біріне алғыс сөздер айтумен аяқталды .Орталық басшысы Нағима Атайқызы Әбдірахманова өз сөзінде үйіміздің қабырғасында осындай құрметті қонақтарды, әлемді жарқын да жарығырақ етуге үлестерін қосып жүрген, Павлодар өңірінің үздік еріктілерін қабылдау біз үшін өте жағымды оқиға екенін атап өтті! "Жастарға бастамашылдығы, мейірімділігі мен балаларға қуаныш сыйлағаны үшін алғыс айтамыз!"- деді ол қонақтарға арнап сөйлеген сөзінде . Ерікті болу-ішкі жан дүниеңді тыңдау ! Ерікті болу-басқаларға риясыз көмектесу! Ерікті болу-бұл жаның қалайтын сүйікті жұмыс!»