"Бақытқа апарар жол –еңбек. Бақытқа бастар басқа жол жоқ..." - Абу Шукура ның осы сөздерімен Абдулина Гуля Николаевна өз сабағын бастады. Сабақтың тақырыбы "Еңбексіз өмір – бос өмір". Мақсаты -балалардың өз іс –әрекеттеріне талдау жасауға тәрбиелеу, өздерінің өмірге деген көзқарастарын түсінуге үйрету, тәрбиеленушілерді сабақ оқу еңбегін дұрыс қабылдауға бағыттау. Сабақ барысында мамандық таңдау бойынша мәселелер талқыланып, әр бір адамның өмірінде еңбектің алар орыны туралы әңгімелесті. Сабаққа дайындық кезінде балалардың жасы мен психологиялық ерекшелігі ескерілді. Нәтижесінде балалар қызығушылық танытып, жақсы көңіл күйде болды.
27.09.2020