04.06.2023

Достар бар екені қандай жақсы!

Достар бар екені қандай жақсы! Достар бар екені қандай жақсы!

1 маусым – бұл тек жаздың алғашқы күні мен Халықаралық балаларды қорғау күні ғана емес. Бұл сонымен қатар ересектерге әрбір баланың бақытты болып өсуі, білім алуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта тамаша ата-ана әрі өз елінің лайықты азаматы болуына жағдай жасау қажеттігін еске салатын күн.

Балаларды қорғау күні бізге тағы да әрбір баланың шат-шадыман, бақытты балалық шағы болуы керек екенін және ол үлкендердің қатысуынсыз мүмкін еместігін еске салады. Біз балаларды еске алып, жақсы көріп, қамқорлық жасайтын балаға мейірімді әсем қалада өмір сүріп жатырмыз.

Біздің Орталық та бұл дәстүрден тыс қалған жоқ. Биыл мерекелік тосынсыйлар бірнеше көңілді күндерге созылып, эмоцияға толы, әсерлі кездесулерге ұласты. Балаларды қуантқан қонақтардың қатарында Экибастұз қаласы әкімдігі, білім бөлімі, «Проммашкомплект» ЖШС, «Шығыс» разрезінің кәсіподақ комитеті, «Baccardi» дүкені, блогер Олжасхан, шоумен Альфараби болды.

Мерекелік дастарханға «Сладкоежка» кондитерлік кафесінен торттар, «Ангел» фитнес клубынан жемістер мен тәттілер, «Аура» кафесінен пицца, Гүлнар Ахмолдинаның атынан шырындар мен балмұздақ тарту етілді. Залды біздің түлектеріміздің бірі Истомахин Андрейдің қолдауымен «Лимпопо» агенттігі безендірді.

Біз барлық достарымызға, қонақтарымызға, демеушілерімізге айтамыз: Сіздерге үлкен рахмет, балалардың армандары Сіздермен бірге орындалады!