2022ж.21.04. күні Павлодар қаласындағы облыстық Қабанбай батыр атындағы кадет мектебінің базасында балалар үйі тәрбиеленушілері және өмірлік қиын жағдайдағы балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілері арасында XVI Кіші олимпиада ойындары өткізілді. Ойынды "Облыстық білім департаментінің аймақтық оқу-практикалық дене шынықтыру орталығы"КҚМК-сі ұйымдастырып өткізді. Ойынға Кенжекөл ауылдық Балалар қалашығының тәрбиеленушілері, Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі Балалар қалашығының тәрбиеленушілері, Павлодар қаласындағы АБҚО командасы және Екібастұз қаласының БҚО –ның спорт командасы қатысты.
Мекеме басшысы , Тусупов Бахтияр Суюндыкович, қатысушылармен сәлемдесіп, жыл сайынғы өткізілетін дәстүрлі Кіші олимпиада ойындарының қайтадан жаңғыруымен құттықтай келе, ойындар балаларды үлкен спорт дәстүрлеріне тарту, денсаулықты нығайту, қызығушылықтар мен спорттық қабілеттерді анықтау және әрине жеңіске жетуге тәрбиелеу мақсатында өткізілетінін атап өтті. Кіші олимпиада ойындары екі кезеңде бес спорт түрі бойынша ұлдар арасында және төрт спорт түрі бойынша қыздар арасында өтеді.
Бірінші кезеңге футбол, волейбол және қыздар мен ұлдар арасындағы президенттік көпсайыс кірді. Олимпиада ойындарының бірінші кезеңінің барлық ойындары белсенді күреспен өтті. Іс-шараға қатысушылар өз командаларына белсенді қолдау көрсетті. Командалардың барлық қатысушылары үздік болуға ұмтылды. Біздің нәтиже: Волейбол – 1 орын , футбол – 2 орын , президенттік көпсайыс -3 орын. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздарына осы мекеменің басшысы Тусупов Бахтияр Суюндыкович грамота және медалдар табыстады. Екінші кезең 2022 жылғы 14 мамырда болады. Балаларды спорт маусымының басталуымен құттықтаймыз және ойын ұйымдастырушылар мен әділ төрешілер алқасына алғыс айтамыз!