01.10.2019

Күзгі вальс

2019ж.01.10.күні Балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілері еңбек ардагерлерін құттықтады. Бұл адамдар  көп жылдар бойы ересектердің қамқорлығы мен қолдауы қажет болған балалар үшін  өздерінің күш қуаттарын жұмсады.  Іс –шара «Күзгі вальс» тақырыбында кешкі кездесу түрінде өткізілді. Әр бір адамның өмірінде өзінің жыл мезгілдері болады. Ол әр қайсысы үшін өзінше әдемі. Бүгін біз  қонақтарымыздың жас кезінде айтқан әндері мен билеген билерін еске түсірдік. Шақырылған қонақтардың барлығына  балалардың  өз қолымен жасаған  сыйлықтар және   кәсіподақ комитеті атынан азық –түлік жиынтығы  тарту етілді. Мереке мейірімділікке, сүйіспеншілікке және өзара сыйластыққа толы көңіл –күйде өтті. Іс –шараның негізгі мақсаты балалардың бойында үлкенге деген  сыйластықты қалыптастырып, отбасылық қатынастарды нығайту.